Қазақстан Республикасы

Жаралған намыстан қаһарман халықпыз,
Азаттық жолында жалындап жаныппыз.
Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен
Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз.

ҚАЙЫРМАСЫ:
Еркіндік қыраны, шарықта,
Елдікке шақырып тірлікте!
Алыптың қуаты—халықта,
Халықтың қуаты—бірлікте!

Ардақтап анасын, құрметтеп данасын,
Бауырға басқанбыз баршаның баласын.
Татулық, достықтың киелі бесігі—
Мейірбан Ұлы Отан, қазақтың даласы!


ҚАЙЫРМАСЫ

Талайды өткердік, өткенге салауат,
Келешек ғажайып, келешек ғаламат!
Ар-ождаң, ана тіл, өнеге-салтымыз,
Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат!




ҚАЙЫРМАСЫ


一覧に戻る